ТҮРКІСТАН – МӘДЕНИЕТІ МӘҢГІЛІК ШАҺАР
ТҮРКІСТАН – МӘДЕНИЕТІ МӘҢГІЛІК ШАҺАР
06.11.2023 03:28
307
0

 

Туризм – Түркістан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Түркістанның әрбір аймағы – туризм кластерінің ошағы. Қазіргі таңда өңірде мәдени ошақтар көптеп салынуда. Түркістан облысы өзінің бай табиғатымен, сырға толы өзен-көлдерімен, тау-тастарымен, орман-шөлейттерімен талай тарихи оқиғалардың куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты басынан өткізді Отандық туризм объектісіне айналаған тарихы терең құт мекенде орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көне шаһарымыз Түркістанның туризмін дамытуға өзіндік үлкен үлесін қосып жатқаны барша жұртқа мәлім. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етуші отандастарымыз бен шет елден арнайы зиярат етіп келушілер саны жылдан жылға артып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында туризм саласын дамытуды қолға алуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өңірімізге жасаған сапарында Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беруді ұсынды. Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы деп атап өтті.

– Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті, – деді Президент. Мемлекет басшысы қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыздың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. Президенттің пікірінше, бұл оқиға Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.

– Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қожа Ахмет Ясауи кесене­сін­дей ортағасырлық сәулет өнері­нің бір шыңы бар Түркі­стан қаласына соңғы жылдары 1 млн. турист келіпті. Негізінен зия­ратшылар болғанымен, ішінде шетелдік азаматтар да мол. Бүгінде елімізге туристерді көбірек тартудың жолдары іздес­тіріліп жатыр. Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке ретінде саналады. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткішті тамашалайтын халықтар саны жыл сайын артуда. Мысалы, 2014 жылы 900 мың адам Түркістан қаласын тамашалауға келсе, 2015 жылы 1 миллионға жеткен.  Ал осы жылдың алғашқы жарты жылдығында Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруге 600 мың адам келген. Түркістан қаласында сахатшылар аралайтын 40-астам қасиетті орындар бар.  Қалаға келетін туристердің мақсаты: жолдарын ашу, бизнесін дамытқысы келетін, жан дүниесін тазалауға ұмтылатын,     өткен бабаларының аруғына құран оқытып, құрбан шалу үшін және отбасылық ауырпашылықтарды жаратқаннан жеңілдетуін сұрап, ниет етіп келетіндер. Зерттеушілердің айтуынша, саяхатшылар қажылық экскурсия Түркістандағы әулие жерлерге зиярат етуге барады:

  • Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи, Гауһар Ана кесенелері
  • Бесік төбе (бала сүйе алмай жүрген әйелдер)
  • Адал және ішкі жаны таза адамдарға су беретін киелі Құдықтан су ішу үшін.

Тылсым тұнған мекенде туристер ең көп келетін орындардың көшін – Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бастайды. XIV ғасырда сәулет өнерінің теңдессіз туындысы – осы өлкенің бас мұраларының бірі саналады. Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, ортағасырлық ескерткішті тамашалауға былтыр мыңнан астам турист келген.

Кесене XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің бейітінің басына тұрғызылған. Архитектуралық ғимарат Ахмет Яссауи қайтыс болған соң 200 жылдан кейін атақты қолбасшы Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.

 

Түркістан – кие қонған мекен. Киелі орындар өте көп орналасқан өңір. Киелі орындарға келетін туристердің де қатары қалың.  Түркістан десе, көп адамның есіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі түсетіні белгілі. Ел санасында егіз ұғым саналады. Дегенмен бұл киелі мекенде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басқа да қастерлі орындар көп-ақ. Оны бірі білсе, енді бірі білмейді. Ел тарихын тану – болашақ ұрпақ міндеті екендігін алға тартқан Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің мамандары «Түркістан өңіріндегі киелі орындар» атты онлайн лекция өткізді. Бабалар батасын, аналарымыздың аманатын арқалаған қасиетті жер екенін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде 99 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынғанын айтты.

Бұл жерде ең алдымен ислам дінін таратушылардың бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы ғұлама, ақын Қожа Ахмет Ясауи жерленген. Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі, қасиетті мекен болатыны белгілі. Бұл – ел тарихындағы қадау-қадау оқиғалардан өткен сол елдің ұлы перзенттері дүниеге келіп, олардың ерліктері мен ғажайыптарына куә болған мекендер. Ал біздің Түркістан өңірінде сондай жер жетерлік. Түркістан өңірі – көптеген діни ғұламаларымыздың, әулиилердің, хандар мен батырларымыз жерленген мекен. Қазіргі таңда Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық музейінің құрамында Түркістан және Кентау қалаларының аумағындағы 99 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған. Соның ішінде халықаралық маңызға ие 1 ескерткіш, республикалық маңызға ие 18 ескерткіш, жергілікті маңызға ие 7 ескерткіш бар. 73 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне енген. Аталған ескерткіштерді «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің Түркістан археологиялық отряды барлау кезінде анықтап, мәртебесін алуға ұсынған.

Ежелден рухани астана болып саналған Түркістан қаласы туризм кластері бойынша дамып, жылына миллиондаған туристерді қабылдайтын күнге де жетті. Ұлы Жібек жолының  дарқан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар пайда болды, мәдени ошақтар салынды. Соңғы үш жылда Түркістан облыс орталығы болып, адам танымастай өзгерді. Жаңа құрылыс нысандары ерекше үлгіде бой көтерді. Бұл қаланың өсіп-өркендеуімен қатар, туризмнің қарқынды дамуына серпінді әсер етері сөзсіз.
Туризмнен түскен табыс халықтың экономикасы мен тұрмысының көтерілуіне игі ықпалын тигізеді. Қазақстанның, оның ішінде Түркістанның туризміне қолайлы, тарихи орындар, салынып жатқан небір алып нысандар, аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, жасалып жатқан көптеген игі істер жайында түннен-таңға айтуға болады. Осының бәрі түркістандықтар үшін оның бақытты тұрмысы, келген туристің жақсы серуені мен саяхаты, ең бастысы, келер ұрпақтың жайлы өмірі үшін сақталып келген, жасалып жатқан құндылықтар екені даусыз! Алдағы уақытта Түркістан туризмі дамып, өркендеп, әлем елдерімен иық теңестірері, ол жөнінде әлі талай айтыла берері де сөзсіз.

0 пікір