ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ
ТҮРКІСТАН  МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ
05.09.2023 14:39
32
0

Ең алдымен жеңіл өнеркәсіп саласында иірілген жіп, мата және кілем өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ пластикалық ойыншықтар, пластикалық ыдыстар, автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар және т.б. пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісін дамытуға болады. Өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы. Онда дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ  түрлі  салықтық  жеңілдіктерді ұсынады.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен саласында облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар құпталады. Түркістан облысында мақта өндірісінің жылдық көлемі 316 мың тоннаны құрайды. Өңірде жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу - басым бағыттардың бірі. Инвестициялар өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, туризм, және логистика салаларына бағытталды.

Қытай делегациясы тарапынан да бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен халық сұранысына сай салаларға бет бұратындарын атап өтті. Атап айтқанда, мақта шаруашылығы және ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ баламалы энергетика және күн энергетикасы саласына басымдық берілген. Жаңа технология – желден электр энергиясын өндіру, күн сәулесі арқылы тоқ өндіру, жеңіл өнеркәсіп салаларына инвестиция құюға дайын.

2027 жылға дейін аймақ экономикасына 300-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру есебінен шамамен 6,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланған. Қазақстан тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігі қамтамасыз етілетін Еуразиялық экономикалық одақтың (халқы-200 млн.адам) мүшесі. Бұл тұста Түркістан облысында бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, оларды іске асыруға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының ҚХР-мен тауар айналымы – 135 млн. АҚШ долл. (экспорт – 84 млн. АҚШ долл., импорт – 51 млн. АҚШ долл.).

0 пікір