ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САКЕН ХАНДІЛЛАЕВ ЖӘНЕ ҚҰЛБАТЫР МҰСАБЕКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САКЕН ХАНДІЛЛАЕВ ЖӘНЕ ҚҰЛБАТЫР МҰСАБЕКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ
06.09.2023 12:14
39
0

Бүгін Түркістан қаласына қарасты Шауғар секторының ғимаратында қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев пен қалалық мәслихат депутаттары Сакен Ханділлаев және Құлбатыр Мұсабектің қатысуымен жиын болып өтті.  Онда ҚР Президентінің осы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиыны өткізілді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:

Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз.  Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ.

Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар.

Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және  цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз.   

Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.

Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді – деп айтқан болатын.

Аталған жиын барысында Түркістан қаласының  мәслихат депутаттары ойларын ортаға сала отырып,өз сөздерінде Жолдауда еліміз бен халқымызға бүгінгі таңда қажетті өзекті мәселелердің дұрыс көтеріліп айтылғандықтарын мәлімдеді.  Мемлекет басшысының атап көрсеткен ұсыныстарын Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін маңызды деп санайтындықтарын және оларды жүзеге асыруға аянбай өз үлестерін қосатындықтарын  жеткізді. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан Жолдауға қолдауларын білдірді.

0 пікір