ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АЯЛЫ АҒАШ – САЯЛЫ МЕКЕН» АТТЫ ЭКО-АКЦИЯ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АЯЛЫ АҒАШ – САЯЛЫ МЕКЕН» АТТЫ ЭКО-АКЦИЯ ӨТТІ
28.10.2023 16:46
43
0

Жасыл экономика - ауқатты болашаққа апарар жол.

Қазіргі қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады.Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Түркістанда басталған “Менің таңдауым - таза қала” айлығы аясында бүгін «Аялы ағаш – саялы мекен» эко-акциясы өтті.

Шара аясында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары ұйымдастырылды. «Аялы ағаш – саялы мекен» акциясына 2 мыңға жуық адам атсалысып, 45 мың түп ағаш отырғызылды. Атап айтқанда, қарағаш, өрік, алма, жиде, клен, терек, ясень, тұт және тағы басқа бар.

Жалпы акция бір айға жалғасады. Ай ішінде тазалық, ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылады. Биыл күзде акция аясында Түркістан қаласында 220 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Соның ішінде 56 мың түпті мердігер мекемелер есебінен егіледі. Оларды болашақта  күтіп-баптауға арнайы мекеме бекітілген.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

Соған қарамастан, адамдардың Жер экологиясына негативті әсері жалғасып және ол қайғылы одан қоса тұрақты салдарға жиі әкеліп жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп, су және энергия ресурстартарының тапшылығы байқалып отыр.

Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі.

"Жасыл экономиканы" дамытуда Германия, Оңтүстік Корея мемлекеттері алдыңғы орында. Олар «жасылдануды» дамыту бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. «Біз әлем елдерінің оң тәжірибелерін пайдаланамыз. Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген проблемалар бар. Күн сайын табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта ластанып жатыр. Сондықтан да адамзат үшін жасыл экономикаға көшу міндетті болып отыр. Балама қуат көздерін қолдану, тұрғындардың таза ауыз суды тұтынуы және өндіріс қалдықтарын қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыстар бар. «Жасыл экономикаға» көшудің маңызды бір буыны – қоқыс өңдеу.

«Жасыл экономика» бойынша бастама үш басты принципке негізделген: Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі табиғи қызметтерді бағалау және алдыңғы қатарға шығару; «жасыл» жұмыс орындарын құру және сәйкес саясат қалыптастыру есебінен халықты жұмыспен қамту; тұрақты дасуға қол жеткізу үшін нарық тетіктерін пайдалану.

Түркістан Қаласы Әкімдігінің баспасөз қызметі

0 пікір