ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
28.09.2023 10:56
25
0

Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Осыған дейін облыс орталығындағы І және ІІ мөлтек аудандарында 75, ал «Отырар» мөлтек ауданында 49 және Әкімшілік-іскерлік орталығында 98, жалпы көпқабатты 222 тұрғын үй орталық жылу қуатымен қамтылған. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған мәселе аясында пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Қала бойынша жылу мекемесі орталық қазандық, «Отырар» мөлтек ауданында, Рухани-мәдени орталық және Әкімшілік-іскерлік орталықтарында 14 модульді қазандық блоктарымен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2023–2024 жылғы жылу беру маусымына қосымша тағы 3 модульді қазандық блоктары іске қосылады деп күтілуде.

Айта өтсек, жылу беру маусымында кәсіпорындар толықтай  табиғи газ отын түрін пайдаланады. Осы бағытта табиғи газбен қамтылған «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісімшарт түзілген. Аталған жұмыстарға қатысты мекеме басшысы Ергазы Рысбеков пікір білдіріп, орталық жылу трассасының жылыту маусымына толықтай дайын екенін жеткізді.

Осы тұста қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков «Мүлік иелерінің бірлестігі»  (МИБ) және «Жай серіктестік»  (ЖС) төрағаларына көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі ішкі жылу құбырларын маусымға дайындау жөнінде тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жолдауда

-Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында қайта-қайта апат болды. Бұл жағдай жылдар бойы шешілмеген мәселенің бетін ашып берді. Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес.

Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесін де шешу қажет. Бұл салада қолдан келгенше өз ресурстарымызға арқа сүйеген абзал. Басты міндет электр энергетикасы саласына жүктеледі. Алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады- деп айтқан болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір