ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ  АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ
06.09.2023 11:08
36
0

Түркістан  қаласының  халық  қалаулылары   атқарған  жұмыстары  туралы  баяндады. Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары атқарған жұмыстары туралы баяндады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, партия филиалының ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының, БАҚ бірге өтетін баспасөз мәслихаты өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті брифинг, қалалық мәслихат депутаттары  Мәди Аманжол Данаханұлы, Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлы, Тұрманов Бағдаулет Оразбайұлы мен  Асылов Ақниет Дүйсенбайұлының  қатысуымен өтті деп хабарлады «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қвзметі .

 

Халық қалаулылары БАҚ өкілдерінің алдында 6 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Депутаттар бүгінге дейін бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, сайлаушылармен кездесу жұмыстарының өткендігін, жол картасы туралы атқарылған жұмыстарына кеңінен  тоқталды. Жиын барысында депутаттар әр бір тұрғынның мәселесін жіті назарға алып, оның оң шешімді болуы үшін барынша жұмыс жасап жатқандақтарын айтты. Сонымен қатар сауалдар жолдап, мәселенің шешілуін бақылауға алатындығын жеткізді.

 

Жалпы баспасөз мәжілісі аясында қалалық  мәслихат депутаттары журналистердің барлық толғандырған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен толыққанды бөлісті.  Айта кетейік, алдағы уақытта мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі, кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.

0 пікір