ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
14.09.2023 16:56
27
0

Түркістан қаласында жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті ашылды. Жаңа полиция пункті Түркістанның тұрғындары қарқындап өсіп келе жатқан Отырар шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жергілікті полицейлердің жаңа ғимаратқа қоныстануына арнайы келген ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жаңа бекеттің жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.Тәртіп сақшылары тұрғындардың арыз-шағымын осында қабылдап кез-келген мәселеге уақытылы жауап береді. Учаскелік кәмелетке толмағандар істері жөнінде инспекторлар көші-қон қызметі әкімшілік практика және правация қызметкері де осында ерікті көмекшілерге арналған кабинет азаматтарды қапбылдау және ана мен бала бөлмесі бар. Сонымен қатар, ғимарат бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Кезекші қызметкерлер бейнебақылау  камералары орналасқан аумақтың барлығын экраннан көріп бақылап отырады. Мамандар барлығы полицияның ашықтығы  қол жетімділігі құқықбұзушылықтармен азаматтардың өтініштеріне ден қою үшін жасалғанын айтады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру туралы идеясының негізгі мақсаты – елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамның мүддесі мен талап-тілегін ескере отырып, осы мақсатта жұмыла әрекет етуіміз қажет. Бұл жауапты іс тікелей құқық қорғау саласы қызметкерлерінің адал еңбегі арқылы жүзеге асады. Сондықтан полицияның кедергісіз қызмет етуіне әкімдік тарапынан барлық қолдау көрсетілуде. Бұл - халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қарқынды қадам деп білемін. Елдің амандығы мен құқықтарының сақталуы ішкі істер саласының қызметкерлеріне ғана емес, қоғамның алдындағы міндет. Бұл жұмыстарды бәріміз бірлесе атқаруымыз қажет,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне күш салынған. Атап айқанда, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосу үшін «Ұлттық Ұланның» әскери бөлімін құру қолға алынды. Ұландықтарды орналастыру үшін Түркістан қаласынан арнайы ғимарат белгіленіп, құрылыс жұмыстары жүруде.

Биыл полиция департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға тапсырылды. Ғимараттың аумағы - 15 мың м2. Департамент жанынан Жедел басқару орталығы ашылды. Полиция қызметкерлеріне былтыр 252 жаңа көлік табысталса, биыл тағы да 30 автокөлік алынды.

Ел Президентінің полицияны сервистік моделге көшіру туралы тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдан бастап облыста ведомствоаралық топтар құрылып, жұмыстарын атқаруда.

 

0 пікір