Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өңірімізге жасаған сапарында Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беруді ұсынды. Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы деп атап өтті. Президенттің пікірінше, Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.
– Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Адам бәрібір бабалар тарихын аңсап тұрады. Сол заманға бір оралғысы келеді. Тым құрыса бірер мезетке. Ежелгі баһадүрлермен қауышу, олар жасаған нығметтерді көзбен көру, олардың рухы мен құдіретін сезіну – бойыңа айырықша күш сыйлайтынын айтқызбай түсінесің. Міне, осындай ғажайыпты киелі Түркістанда, соның ішінде «Керуен Сарайға» барып сезінуге болады. Жаңарған Түркістанның бір кереметі, ол – «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешені. Естеріңізде болса, 2021 жылы 10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті.Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені бар."Керуен-сарай" кешені "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағындағы 20,5 га аумақта, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы орналасқан. Керуен сарайда туристердің жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған Облыс орталығы статусына ие болған Түркістан шаһары адам танымастай өзгерді. Әсіресе қаладағы көз тартар әсем ғимараттар мен туристік нысандардың көптеп бой көтеруі туристік қаланың мәртебесін одан әрі асыра түскендей. Қалада туристерді көптеп тартатын танымал жерлердің бірі – Керуен сарай.Бүгінде Керуен сарай – шаһар жастарының ең жиі жиналатын орындарының біріне айналған. Мұнда белгілі бір мерзім сайын қазақстандық эстрада жұлдыздарды халыққа арнап концерт өткізіп тұрады. Өнер саласының майталмандары арнайы кеш береді. Өз кезегінде бұл қала тұрғындарының қызығушылығын оятып, еріксіз сонда жетелейді. Кешен туристер үшін тынығып, демалып, көңіл көтеретін мекен болса, кәсіпкерлер үшін – табыстың көзі. Әсіресе, жаз маусымы кезінде бұл жерде күніне мың доллардан асырып сауда жасауға болады. Беласар Есенбектің айтуынша, кешен ішінде ашық және жабық базарлар ұйымдастырылған. Ол жерде әр апта сайын әр ауданның кәсіпкерлері келіп, өз өнімдері мен тауарларын сатылымға шығара алады. Әрі бұл үшін олардан бір тиын ақы алынбайды.Кеурен Сарайды Венецияға ұқсататындар өте көп. Себебі мұнда сарайдың ортасындағы көлшікте арнайы қайық қонақтарға қызмет көрсетеді.
Алдымен Венеция туралы аз-кем айта кетсек. Венеция — Италиядағы қала, Венето әкімшілік аймағына қарасты Венеция провинциясында орналасқан.. Аталған қала туристердің сүйікті орны. Бұл өте ерекше қала. 271 мың адам тұратын шағын шаһар 118 аралдан тұрады. Қалада 150 канал бар болса, одан өтетін 400 көпір бар екен. Венецияға жыл сайын 18 млн. адам, күніне 50 мың адам турист келеді. Оларға 425 моторлы қайықтарды жүргізетін гондольерлер қызмет көрсетеді. Айтпақшы, Венеция қаласында канализация жүйесі мүлдем жоқ. Қалдықтар арнайы ойластырылған канал жүйесі арқылы ағып кетеді. Сондықтан да, бұл қаладан сантехник іздеп таба алмайсыз. Қала судың ортасында тұр. Осыған қарамастан мұнда қанша жауын жауса да ешқандай тасқын болмайды екен. Өйткені, бәрі ойластырылып жасалған. Бұл қалада қайықты – гондола деп атайды. Гондола – Венецияның дәстүрлі ескекті қайығы және уақытты рахат, романтикалық жағдайда өткізу құралы. Гондольерлер (гондола ескекшілері) әдетте әнші адамдар болып, қаланы аралау барысында жиі ән шырқайды.
Венеция іспеттес Керуен Сарайдың тарихы терең емес. 2021 жылы 10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті. Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталды. Нысан 20,5 га аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі. «Керуен-сарай» кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналуы тиіс.
Жоба авторларының айтуынша, сәулетшілер шаһардың архитектуралық келбетін қалыптастырғанда тарихи сабақтастықтыққа ерекше мән берілген. Туристерге қолайлы болу үшін кешен аумағында бірнеше электрокар жұмыс істейді. Жаз кезінде судағы шоуды көрудің өзіне сағатына 13 мың адам жиылған.
Статистика бойынша негізінен бізге Қызылорда, Шымкент, Алматы қалаларынан және Түркістан облысының өзінен адамдар көп келеді. Шетелдік туристер – негізінен Түркия, Франция және басқа да Еуропа елдерінен келушілер. Қазақтың салт-дәстүріне қызығушылық танытқан қытайлық туристер де көп болды. Шетелдік туристер үшін Керуен сарай қызметкерлері үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) еркін сөйлей алатын гидтерді де дайындап қойған. Түрік тілінде еркін сөйлесетін қызметкерлері де бар. Кешен туристер үшін тынығып, демалып, көңіл көтеретін мекен болса, кәсіпкерлер үшін – табыстың көзі. Әсіресе, жаз маусымы кезінде бұл жерде күніне мың доллардан асырып сауда жасауға болады. Ол жерде әр апта сайын әр ауданның кәсіпкерлері келіп, өз өнімдері мен тауарларын сатылымға шығара алады. Әрі бұл үшін олардан бір тиын ақы алынбайды.
Туристік орталық аумағын аралай жүріп әлемдік брендтердің сауда желілеріне бас сұғып, ұлттық тағамдар әзірленетін мейрамханалардан ас ішуге де болады. Наурыз айынан бастап естен кетпес әсерлі шоулар қайта басталмақ. Ойын-сауық жобаларының барлығы дерлік келушілердің ежелгі тарихпен, бабалар жолымен, қазақтың қасиетті салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында жасалған.
«Керуен сарай» үнемі мамыражай шуға бөленіп, керемет көңіл күй сыйлайды. Мұнда күнде қызу қарбалас, іс-шаралар жиі өтеді. «Керуен сарай» туристік кешеніндегі демалыс аймағына барып, әлемдегі теңдесі жоқ ұшатын «Алтын самұрық» театры бар. Дүние жүзінде 8D форматында 18 ұшатын театр болса, ТМД елдері бойынша мұндай театр жалғыз Түркістан қаласында ғана бар. 8 D форматтағы әсерлі саяхат арқылы қонақтар еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісіне саяхаттай алады.
«Алтын самұрық» театры орналасқан демалыс аймағының ғимараты ерекше көзге түседі. Себебі, ғимарат пішіні жұмыртқа тәрізді болып келген. Ал, оның кірген бетінде алтын түстес қыран бүркіті бейнеленген. Айта кетерлігі, театрға келушілер ең алдымен 20 минут экскурсияға қатысады. Мекеме қызметкерлері еліміздің тарихын тас ғасырдан бастап, Жаңа Қазақстанға дейін жоғарғы сенсорлы жүйемен жабдықталған технологиялармен көрсетіп, оны үш тілде түсіндіреді. Кейіннен жаңа технологиялы 8 D арқылы еліміздің ең көрікті елді мекендерінің үстінен «ұшып өтесіз». Адамды көкке самғататын ерекше театр Қожа Ахмет Ясауи бабамызға арналған. Бейнеролик Ахмет Ясауидің шәкіртінің оған қойған сұрағынан басталады. Кейіннен көне Отырар жері, қазіргі Түркістан, Астана қалаларына, космос әлеміне саяхаттап, Шарын шатқалы арқылы ұшып өтіп, теңіз әлемімен таныса аласыздар. Туристтердің ең сүйікті орнына айналған театрды тамашалаушылар да көп.
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін ескерсек, осы саланы дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайы жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. «Алтын Самұрықтың» жанында «Сиқырлы керуен» атты балаларға арналған ойын-сауық орталығы орналасқан. Бұл расымен сиқырлы ғимарат. Сырты бір қарағанда басқа нысандардан ерекшеленбеуі мүмкін. Бірақ ішіне кірсеңіз, шығыс ертегісіне түскендей күй кешесіз. Ескі мұнаралар, қала орталығындағы базар, қабырғаға ілінген шамдар сізді Аладдин мен Әли Бабаның әлеміне елітіп әкетеді.
Мұнда түрлі әткеншек қойылған. Балалар айналатын кесе мен тез жүретін пойызға отырамын, атқа мініп шабандоз боламын десе де өз еркі. Таңдау көп. Жоба авторларының айтуынша, сауда және ойын-сауық орталықтарында келушілер уақыттарын пайдалы әрі қызықты етіп өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Бұл кешен жылына 300 мың қонақты күтуге қауқарлы. Туристік орталық аумағын аралай жүріп әлемдік брендтердің сауда желілеріне бас сұғып, ұлттық тағамдар әзірленетін мейрамханалардан ас ішуге де болады. Ойын-сауық жобаларының барлығы дерлік келушілердің ежелгі тарихпен, бабалар жолымен, қазақтың қасиетті салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында жасалған. Керуен сарайы көркем жарықшамдар, түп-түзу жол, жағалай су бүркіген субұрқақтар, балғын көк майсамен көмкеріле Түркістанның қасиетін арттырған Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен жалғасып жатыр.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru