БОЛАШАҚ - ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
БОЛАШАҚ - ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
17.04.2023 03:25
31
0

Бүгін осындай тақырыппен Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Профнавигация» жобасы аясында кездесу өтті.

Мақсаты - жалпы білім беру мекелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру.

Жоба аясында өткен кездесуге Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаменті инспекторы Жорабек Нұрсұлтан қатысып, өз саласы жөнінде әңгімеледі.

-Елге қызмет жасау әрбір азаматқа борыш. Менде өз борышымды өтеу үшін және өз қалаған мамандық иесі атану үшін «Өрт сөндіру» қызметін таңдадым. Жұмысым қиындықтар мен қауіптерге толы болсада, осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Сіздерге айтарым, мамандық таңдауда қателеспеуге шақырамын, - деді Жорабек Нұрсұлтан.

Кездесу соңында бітіруші түлек жастары сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.

0 пікір