ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ
ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ
26.04.2023 12:14
36
0

 «Білім сапасы туралы нақты дерек алу үшін көптеген елдер білім алушылардың оқу жетістіктерін ұлттық деңгейде үнемі бағалап отырады. Осылайша, маңызды сұрақтарға жауап алады. Оқыту қаншалықты жүйеленген? Оқушылардың білім алу деңгейі қандай және олар қоғамға енуге қаншалықты дайын? Міне, осы сұрақтарға жауап алу біздің білім беру жүйеміз үшін де маңызды.Тек ББЖМ-нің объективті нәтижелері ғана дұрыс қорытынды жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Биыл білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын бақылау үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметкерлері тартылды. Өткізу форматы халықаралық зерттеулер секілді стандарт бойынша әр аудиторияда тест-әкімшілер болады.

Елімізде ББЖМ-ге 4 және 9 сыныптардан 50 мыңнан астам оқушысы қатысса, ал Шымкент қаласынан 37 мектептен 1647 оқушы, оның 959-ы 4-сынып, 703-і 9-сынып оқушылары.

Республиканың 1472 мектебінде үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Мониторинг 2023 жылғы 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында болады.

 

0 пікір