МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ - САПАЛЫ БІЛІМ, ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ НЕГІЗІ
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ - САПАЛЫ БІЛІМ, ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ НЕГІЗІ
03.11.2023 18:22
164
0

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы білім беру мекемелерінде мектепішілік бақылау жоспарының әзірлеу талаптарының орындалуы аясында әдістемелік-тәжірибелік көмек беру мақсатында 03.11.2023ж. №90 ДБАМ мектеп-гимназия базасында «Мектепшілік бақылау жүйесі - сапалы білім, жоғары нәтиже негізі» тақырыбында тәжірибелік-әдістемелік семинар өткізді.

Аталған іс-шара офлайн және онлайн форматта өткізіліп, Абай және Тұран аудандарынан 300-ге жуық, ZOOM платформасы арқылы басқа аудандардан 220 мектеп директорлары мен МІБ жауапты орынбасарлары қатысса, белсенді қатысты.

Семинар барысында Әдістемелік орталықтың бөлім басшысы А.У.Турсынова нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуі аясында әдістемелік кеңес берді.

Бөлім басшысы Ж.А.Арысбаева оқу процесінің сапасын, оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша коучинг жүргізді.№90 ДБАМ мектеп-гимназия директоры А.Ш.Орынбеков өз тәжірибесімен бөлісті.

№38 мектеп-гимназия директорының орынбасары Д.Д.Асылбекова, №23 мектеп-лицей директорының орынбасары З.Ж.Төлешбаева және №65 мектеп-гимназия директорының орынбасары Р.Т.Балтабекова үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстарын, оқу-зерттеу қызметі, мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйі мен тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау бағыттарыда кездесетін мәселелі сұрақтар аясында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде қатысушылар мектепшілік бақылау жүйесі бойынша көкейдегі мәселелі сұрақтарына жауап алды.

0 пікір