САБАНТОЙ ӨТТІ СӘНІМЕН
САБАНТОЙ ӨТТІ СӘНІМЕН
12.06.2023 13:07
40
0
Бүгін Абай саябағында татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен “Сабантой” мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл мереке — түркі халықтарында әсіресе, татар- башқұрт ұлттарында дәстүрлі түрде тойланады. Сабантой мейрамы ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Мұнда ұлттық спорт түрлері: күрес, ат жарысы өткізіледі. Ұлттық киімдерін киіп шыққан жастар ана тілінде ән айтып, би билейді. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді еске түсіріп, театрлық қойылымдар көрсетеді.
 
Саябақта өткен “Сабантой” да осы дәстүрлердің ізін жалғады. Мерекелік іс-шараға Татар Республикасынан да қонақтар қатысып, арнайы құттықтауын жеткізді. Этномәдени бірлестіктің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетумен қатар, қолөнер туындыларымен де көрмеде бөлісіп, тұрғындардың қызығушылығын оятты. Концерт барысында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының алғыс хатымен белсенділер марапатталды.
 
“Шымкент келбеті”
0 пікір