ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ - БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ
ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ - БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ
13.04.2023 23:19
78
0

Үшінші мегаполисіміз - күннен-күнге дамып, ауқымды жобаларда көш бастап келеді. Сондай ауқымды жобалардың бірі - ҚР Президенті тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт түрін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасы болатын.

Бүгінде бұл жоба үшінші жыл өз жалғасын тауып, шаһар жастары арасында өз белсенділігін күннен-күнге арттыру үстінді.

Спорттың 4 бағыт түрінен бастау алған бұл жоба - мектеп оқушалары арасында бұқаралық спорт түрін кеңінен дәріптеу және салауатты ұлт қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Мектеп жастары арасында белең алған жоба - Абай және Әл-Фараби ауданындарына қарасты білім беру мекемелерінде ұлдар арасында баскетболдан спорттық сайыспен жалғасын тапты. Атап айтқанда:

Абай ауданы бойынша:
А-тобы - №21 - №81 мен №50 - №93 мектеп оқушылары - №87 мектеп,
Б-тобы - №55 - №133 мен №26 - №42 - №55 мектеп,
С-тобы - №49 - №33 - №49 мектеп,
Д-тобы - №60 - №136 мен №56 - №2 - №136 мектепте бекітілген кесте бойынша сайысқа түсті.

Әл-Фараби ауданы бойынша:
А-тобы - Дарын мектебі - №15 - №47 мектеп,
Б-тобы - №35 - №45 - №35 мектеп,
С-тобв - №75 - №1 - №6 мектепте спорттық сайысқа түсті.

Еске сала кетсек, әр аудан аумағынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен командалар финалдық кезеңге жолдама алатын болады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған жобаға  Шымкент қаласының төрт ауданынына қарасты 151 мектептен қатысуға өтініш келіп түскен. Жаз мезгілінің бірінші айында «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші туры қорытындыланады. Осы орайда, жеңімпаз командаларға демеушілер есебінен 80 млн. теңге берілетін болады. Яғни, әр спорт түрінен жеңімпаздарға 20 млн. теңге бөлінгенін айта кеткен жөн.

0 пікір