ШЫМКЕНТ ЦИРКІНДЕ ОТБАСЫЛЫ ИЛЛЮЗИОНИСТЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
ШЫМКЕНТ ЦИРКІНДЕ ОТБАСЫЛЫ ИЛЛЮЗИОНИСТЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
18.07.2023 16:56
38
0

 Қазақ цирк өнері – сахналық-эстрадалық өнер саласы. Цирк - ерекше талғампаздықты, ептілік пен шапшаңдықты талап ететін қиындығы мен қызығы қатар жүретін өнер! Осындай жауапкершілігі мол қызметті отбасымен бірге қолға алып, цирк өнеріне аянбай еңбек етіп жүрген Сергей Мұстафин және оның өнерлі отбасы жайында айтпақшымыз.

Өз бастауын көшпелі өмір салтынан, мал шаруашылығымен байланысты тұрмыс-тіршілігінен алады. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-әжуа сөздермен көпшілік көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. салт-жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді.

Сергей өзінің жұбайы Гузель Зуфарқызы Мустафинамен бірге Шымкент цирк мекемесінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Өздерімен қатар ұлы Марк, қызы Сабина да цирк өнерін жетік меңгерген.

Сергей акробаттар тобының жетекшісі, цирк өнеріне қызығатын жас буынды дайындайды.

Сондай-ақ, жұбайы Гузель және ұлы, қызымен “иллюзионисттер” өнерін ұсынумен қатар акробатика, гимнастика, эквелибристика, фокус, иллюзия өнерін цирк сүйер көрерменге ұсынудан жалықпайды.

Бүгінде қызы Сабина Қытай Халық Республикасында Чанджоу қаласында иллюзианист болып өнер көрсетсе, баласы Марк Мәскеу қаласында РУЦЭИ-де 3 курста оқу оқиды.

Еңбектері еш кетпеді, Сергей Борисович 2015 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, қазір Алматы қаласында өтетін, 15 мемлекет қатысатын сайысқа яғни, Халықаралық цирк фестиваліне дайындық үстінде. Сәттілік тілейміз!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

0 пікір