
Шымкент қалалық мәдениет үйі концерттік ұйымының жанынан құралған Қазақ халық аспаптар оркестрі бүгінде қанатын кеңінен жайып, ел қошеметіне бөленіп жүр.
Құрылғанына не бәрі 2 жыл болса да оркестр өз репертуарын қазақтың ән-күйлерін және де шетел шығармаларымен байытып, көпке танымал болып үлгерді. Тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейдегі мерекелік жиындарда өнер көрсетіп жүр.
Атап айтсақ, Италия, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінде қазақ күйлерін орындап, қазақ елінің абыройын асқақтатты.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор танымал тұлға Жалғасбек Бегендіков. Ал халықаралық байқаулардың жүлдегері, Өнертану ғылымдарының магистрі, күйші, дирижер Жамбыл Мейірбеков оркестірдің бас дирижері қызметін атқарып келеді.
30-ға жуық өнерпаздан құралған оркестр өнерпаздары жоғары деңгейдегі өз ісінің нағыз шеберлері яғни, өнер ошағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері.
Құрылғалы сүйікті тыңдармандарын жинап үлгерген қазақ халық аспаптар оркестірі өнер сүйер көпшілікке 2 рет жеке концертін ұсынып, ел қошеметіне бөленді.
Жалпы алғанда 2023 жылдың 5 айында жалпы 25 ресми, мәдени, көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып 188 мың 375 көрермен қамтылған.
Наурыз айының өзінде «1 наурыз Алғыс айту күні», «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні», «14 наурыз Көрісу күні», «15 наурыз Жайлау күні», «16 наурыз Шежіре күні», «17 наурыз Тарихқа тағзым күні», «18 наурыз Игі істер күні», «19-20 наурыз Шымырлықпен шеберлік күні», «20 наурыз күні Шымкент қаласының заманауи атшабарының салтанатты ашылу салтанаты», «21-22 наурыз Шымкент қаласының заманауи атшабарының ашылуы және «Наурыз Шымкенттен басталады» іс-шарасы аясында «GREAT QAZAQ GAMES» республикалық этнофестивалі, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, «Астана» алаңында мерекелік екі күндік Гала концерті және «Shymqala» этноауылында 23 наурыз Жоралғы күні аталып өткізілген болатын.
Сонымен қатар, 6 кәсіби театрда 598 репертуарлық қойылым, Шымкент циркте 28 қойылым, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында 74 экскурсия, «Shymqala» этноауылында 4 іс-шара, Көрме орталығында 36 мәдени іс-шара, 6 кітапхана мекемелерінде танымдық, тақырыптық, әдеби 761 іс-шара, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде жалпы 10 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Жалпы 5 айда өткізілген 2 866 іс-шараға 1 160 951 адам келген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі