ТЕМІРЛАН ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАТЫН БОЛДЫ
ТЕМІРЛАН ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАТЫН БОЛДЫ
27.07.2023 17:16
35
0

Абай ауданы аумағында жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдемдесу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Аудан аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға және заңсыз орнатылған дүңгіршектердің иелеріне алдырту бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бақылау жасау және тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу жөнінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне тиісті жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 13 базар орналасқан, оның ішінде халық тұтынатын бірінші қажетті азық-түлік тауарларын сататын негізгі ірі төрт базар (Жібек жолы, Алаш, Самал, Крытый рынок.) жұмыс атқаруда және де атап айтқанда Фиркан, Магнум, Баян сұлу, Супер бум т.б. сияқты негізгі бағыты азық-түлік тауарларын сататын ірі сауда үйлері орналасқан.

Жоғарыда атап өтілген базар және сауда үйлерінде күнделікті тұрақты түрде азық-түлік тауар бағаларына (19 тауар бойынша) мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлы жүріп тұруына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында мегаполистегі басты жолдардың бірі Темірлан тас жолына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданына қарасты аталған тас жолдың бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше бағыттағы жұмыстар нақтыланды-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта Темірлан тас жолы бойында 131 кәсіпкерлік нысандар орналасқан. Оның ішінде 1 әмбебап базары, 3 мешіт, 8 авто көлік сату орталығы, 2 ірі сауда орталығы, 12 тойхана, 13 мейрамхана, техникалық қызмет көрсету орталықтары және ірілі ұсақты дәмхана мен әмбебап дүкендері орналасқан.

Қазіргі уақытта аталған кәсіпкерлік нысандардың жол бойында орналасқан авто көлік тұрақтары, аулалары мен қас беттерін (фасад) реттеуді қажет ететіндері 30% құрайды.

Бұл нысандар қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмей, авто көлік тұрақтары мен аулаларын абаттандырып, нысанның қас беттерін жаңартып, реттеуге өз келісімдерін беріп, қолдау тапты.

Аталған бағытта жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады және қаланың көркі күн артып ажарланатындығы сөзсіз!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір