УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРМЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРМЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ
03.04.2023 09:13
92
0

Университетіміздің жанынан педагогикалық зерттеу институты құрылған болатын. Институттың алғашқы отырысында өткізілген форум аясында еліміздің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларына, инклюзивті білім беру орталығы мен арнайы мекемелердің педагог мамандарына, студенттер мен ата-аналарға арнап Tashenev University үндеу жариялады

Құрметті әріптестер, арнайы мамандар, ата-аналар, жас достар!


Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе - балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру! Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, ол өзінің бар жүрек жылуын басқа адаммен бөліскісі келеді. Ендеше, біргелікте балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын сыйлайық!


Барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау көрсетейік!


Арнайы топтардағы балалармен, олардың ата-аналарымен бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, көптеген іс-шараларды ұйымдастырайық!
Бірлескен іс-шаралар мақсаты:
-оқытудың ерекше қажеттілігі бар балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару;
- барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету;
- ерекше білімді қажет ететін оқушыларға оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын қарастыру: арнайы білім беру бағдарламасын өңдеу; ғылыми жоба дайындау;
- қалыпты жағдай қалыптастыру: арнайы логопед, дефектолог,тәрбиеші- асистент осы балаларға жылулық пен қамқорлықты сездіріп, ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу.


Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.


Тәшенев университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері Сіздерді осы өзекті мәселені бірге шешуге, Форумда белгіленген міндеттер мен іс-шараларды бірлесе атқаруға шақырады!

0 пікір