Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер саласының бірқатар өкілін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова да бар.
Президент жарлығына сәйкес, өнер иесі II дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мақпал Жүнісованың ұлттық өнер мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы әншінің қазақ музыка өнеріндегі орны айрықша екенін айтып, оның халық ықыласына бөленген шығармалары бірнеше буынның рухани қазынасына айналғанын жеткізді. Сонымен қатар, Президент мәдениет саласы өкілдерінің ел руханиятын дамытудағы еңбегі қашанда жоғары бағаланатынын айтты.
Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасында өзіндік үні мен орындаушылық мәнері қалыптасқан өнер иелерінің бірі. Ол ұзақ жылдар бойы ұлттық ән өнерін насихаттап, қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru