«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды
25.11.2020 12:04
277
0

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 қарашадағы № 782 қаулысымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының биылға жылғы иегерлері анықталды.

  «Эстрада» номинациясы бойынша:

  Болсанбек Дәрия Оңалғазықызы мен Кенішқалиев Бексұлтан Талғатұлы (екеуі де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің студенті)

  «Классикалық музыка» номинациясы бойынша:

  Дүйсембаев Қалқаман Бағдатұлы – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы;

  Мүсірғалиева Жібек Қанатқызы – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің студенті;

  «Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша:

  Мұқият Асқар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі;

  Түрікпен Күнсұлу Түрікпенқызы – Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі;

  «Әдебиет» номинациясы бойынша:

  Шеризатов Арман Манарбекұлы – «Әдебиет порталы» интернет жобасының қызметкері;

  «Театр және кино» номинациясы бойынша:

  Серіков Әбілмансұр Әбдінасырұлы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актері;

  Валиуллиев Жасқайрат Сәбитұлы – «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актері;

  «Спорт» номинациясы бойынша:

  Галышева Юлия Евгеньевна – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің фристайл бойынша нұсқаушы-спортшысы;

  Кенжеғалиев Жігер Мәлікұлы – жеңіл атлетика және пауэрлифтинг бойынша паралимпиадалық спортшы, TSG contruction жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік-техникалық бөлімі инженерінің көмекшісі;

  «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша;

  Әбішев Ардақ Отанғалиұлы – зергер, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі;

  Тоқтасынова Ақбота Жолдасбекқызы – Zeken Moda жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас дизайнері;

  «Журналистика» номинациясы бойынша:

  Мыңбаев Рауан Ерұзақұлы – «Хабар" агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар 24» телеарнасының журналисі;

  Сартбаева Әсем Бақытқызы – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы филиалының жетекші редакторы;

  «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша:

  Споткай Максим Александрович – Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы;

  Болысов Тоқтар Коммунарұлы – «Қазақстан жастарының конгресі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;

  «Ғылым» номинациясы бойынша:

  Мұқатаев Жүсіпбек Еркінұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «М.Ә. Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері;

  Әшімова Әсем Нұржанқызы – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының докторанты.

  Айта кетейік, «Дарын» сыйлығы осы жылы мәдениет, өнер, спорт, ғылым, журналистика саласында жетістікке жеткен жастарға табысталды.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Мемлекеттік бағдарламамен 3700-ден астам адам жеке кәсібін ашты
2. Негізгі бағыт - өнеркәсіп саласын дамыту
3. Түркістандық "шаттық" би тобы республикалық байқаудан бас жүлдені иеленді
4. Түркістан: мүгедектігі бар 1152 адам жұмыспен қамтылды
5. Түркістан: Ұстаздар күні қарсаңында үздік педагогтар марапатталды

 

0 пікір