Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңесте өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесі талқыланды
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңесте өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесі талқыланды
21.07.2026 06:48
7
0

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 22-ші отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың құқықтық мәртебесін айқындау болды.

Отырыс барысында Әлеуметтік және Кәсіпкерлік кодекстерге өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін бекітуге қатысты өзгерістерді қазіргі түзетулер топтамасына енгізбеу туралы шешім қабылданды.

Бұл мәселені жаңа салық режимінің қолданылу тәжірибесі қалыптасып, оның нәтижелері жан-жақты сараланғаннан кейін, келесі жылы қайта қарау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кеңес барысында өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылар үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы операцияларға салық салу мәселесі де қаралды.

0 пікір