Түркістан облысында 3 жылда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
Түркістан облысында 3 жылда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
08.07.2026 13:37
16
0

  Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыру және ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып келеді. Жалпы 2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге және 2025 жылы 7,4 млрд теңге толық игерілді.

  Алты бағыт бойынша 4 223 жоба несиелендірілген. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы саласында – 597 жоба, мал шаруашылығында – 3155 жоба, құс шаруашылығы бағытында – 22 жоба, Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыру және ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып келеді. Жалпы 2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге және 2025 жылы 7,4 млрд теңге толық игерілді.

  Балық шаруашылығында – 53 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша – 150 жоба, тұрғындардың өз кәсібін ашуына бағытталған – 279 жоба іске асырылды.

 Облыс көлемінде жалпы саны 593 жылыжай кешені салынды. Шағын кәсіпкерлік 4223 бірлікке еселеніп, 4635 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар 79 қайта өңдеу кәсіпорны өз жұмысын бастады. Оған қоса мал басы 76 887-ге ұлғайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 441 адамға азайды.

 Биыл «Ауыл аманаты» жобасына республикалық бюджеттен 15,3 млрд теңге қаржы қарастырылған. Бұл тұста 1115 жобаны қаржыландыру және 1 400 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бүгінде несие келісімі бойынша 7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2,5 млрд. теңге басым бағыттар бойынша қаржыландырылады, сондай-ақ, 73 ауылдық округ пен 78 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылмақ.

 Жалпы өңір экономикасын дамыту мақсатында бірқатар ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, Шардара ауданында жылына 1,5 мың тонна балық жемін өндіретін кооператив құру жоспарланған. Ал Сауран ауданында жылдық қуаттылығы 2 мың тонна болатын макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашу көзделген. Сонымен қатар Төлеби ауданында жылына 360 тонна шұжық өнімдерін өндіретін қайта өңдеу кәсіпорнын іске қосу көзделсе, Келес ауданында тәулігіне 1,5 мың дана шұлық шығаратын өндірістік цех ашу жоспарланып отыр.

0 пікір