Геологиялық барлауға инвестиция тарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді
Геологиялық барлауға инвестиция тарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді
08.07.2026 12:15
18
0

     Геологиялық барлау саласына жеке инвестициялар тарту, заңнаманы жетілдіру және жер қойнауын пайдалану рәсімдерін жеңілдету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 2025 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексіне саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров хабарлады. Оның айтуынша, маңызды жаңалықтардың бірі аз зерттелген шөгінді бассейндер үшін арнайы құқықтық режимнің енгізілуі. Мұндай аумақтарда геологиялық тәуекелдердің жоғары деңгейі ескеріліп, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.
   «Бұл инвесторлар үшін анағұрлым қолайлы жағдай қалыптастырып, геологиялық барлау жұмыстарына жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Биыл жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша 100 учаске аукционға шығарылмақ. Оның аясында 40 жер қойнауы учаскесі бойынша алғашқы аукцион жарияланып, оны өткізу 28 шілдеге жоспарланған. Бұл аукциондар жаңа инвестициялар тартуға, геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайтуға, жаңа кен орындарын ашуға және еліміздің минералдық-шикізаттық базасын ұзақ мерзімді негізде толықтыруға жол ашады», – деді спикер баспасөз конференциясында.

 

0 пікір