Балқы Базар жырау. Шайыр өлмес дер едім…
Балқы Базар жырау. Шайыр өлмес дер едім…
05.11.2020 18:25
401
0

Баянсыз мынау жалғаннан,
«Шайыр өлмес» дер едім;
Сайраған қызыл тіл берген,
Көңіліне сонша жыр берген.
Алжаспай сөзді ағытып,
Есебін тауып үлгірген;
Мәжілісінде жақсының –
Дәурен сүріп күн көрген;
Қарсы келген олармен –
Ажалы жетпей, күнде өлген:
Қарадос, Өске, Бұдабай,
Серәлі, Сәдір, Орынбай;
Татауы жоқ сөзінде:
Шұбырған көштің жолындай:
Ақ Кетенің ішінде,
Шернияз, Шыман, Өтеген,
Солардан да өткен сұм дүние…

Сілтеме; asylsoz.kz

0 пікір