ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ КӨШЕЛЕРГЕ ЖИНАЛҒАН СУ ТАРТЫЛУДА
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ КӨШЕЛЕРГЕ ЖИНАЛҒАН СУ ТАРТЫЛУДА
13.03.2024 14:32
66
0

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ КӨШЕЛЕРГЕ ЖИНАЛҒАН СУ ТАРТЫЛУДА
Бүгінгі ауа-райына байланысты Еңбекші аудан аумағындағы су басу қауіпі бар деген аймақтарға «Группа Интеко» ЖШС тарапынан 5 су тартатын Камаз бошке,1 Ассенизатор
3 мотопомпа және 15 жұмысшы мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасынан 1 ассенизатор 3 мотопомпа және 15 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, «Еңбекші» КММ тарапынан: 2 – Ассенизатор 5 - мотопомпа және 30 жұмысшы қазіргі кезде жауын-шашын салдарынан Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысындағы, И.Тайманұлы көшесіндегі, Береке айналма жолы көпір асты жолындағы, Бердіқожа батыр көшесі мен Әшіров көшесіне жиналған суды тартуда.
Қазіргі таңда (13) аумақта Қарабастау тұрғын алабы Ж.Қамбарұлы көшесіндегі, Қаратөбе тас жолы 38 үйдің жанында, Сиреневая, Алатау, Жасын, Сарықалтақ, Асубұлақ, Ұйымшыл көшелеріндегі жаңбыр салдарынан жиналған суды тарту жұмыстары жүргізілуде.

0 пікір