ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ БАР 800-ДЕН АСА ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ БАР 800-ДЕН АСА ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
12.01.2024 12:41
83
0

ШЫМКЕНТ: ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ БАР 800-ДЕН АСА ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Шымкентте «Жастар» бағдарламасымен сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға беру бойынша 800-ден астам азаматтың өтінімі мақұлданды. Өтінім беру 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында өткен болатын. Нәтижесінде 888 жұмысшы жастың құжаттары бағдарламаның талаптарына сәйкес келіп, енді жалдау шарты жасалады.
Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, конкурс нәтижесі өтінім иелерінің ұялы телефонына 1414-тен смс арқылы хабарлама жолданған. Бұдан бөлек хабарлама kezekte.kz порталында көрсетілген электрондық пошталарына жіберілген.
Аталған баспананың 533-і отбасылы жастарға бұйырса, қалған 355 пәтер некеде тұрмаған бойдақтар мен толық емес отбасылы азаматтарға қаралған. Жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша қатысушыларға қойылатын басты талаптың бірі 35 жасқа толмаған, жұмыс істейтін болуы тиіс. Сондай-ақ, Шымкентте соңғы 3 жылда тұрақты тіркеуде тұруы, 5 жылдың аралығында ел аумағында иелігінде үйі болмауы қажет. Биыл енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үйлер 3 жыл мерзімге беріледі.
Атап өтейік, сатып алу құқығынсыз жұмыс істейтін жастарға жалға берілген баспанамен 2020 жылы – 904 азамат қамтылса, 2021 жылы – 300 жас пәтерлі болған. Ал, 2023 жылы 857 жұмыс істейтін жас қоныс тойын тойлаған. Биыл жұмысшы жастар қоныс тойын Тұран шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлерде тойлайтын болады.

0 пікір