Бар Құдай, бізге жарық таңыңды атыр
Бар Құдай, бізге жарық таңыңды атыр
23.11.2020 14:32
593
0

Бар Құдайбізге жарық таңыңды атыр, 
Болар екатса таңыңбіз де батыр. 
Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер 
Тұтқындабілесіз бенеден жатыр?! 
 

Мақал бар: "Халық сүйгенді тәңірі сүйді" 
Деп едік: "Бізге де бір дәурен тиді!" 
Патшаның мархабаты жұртына бар, 
Деп айтам деп шаһбаздар нақақ күйді. 
 

Қазағым өнер ізден, ұрлық-зорлық 
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?! 
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз, 
Басыңа келген жоқ па талай қорлық?! 
 

Жиылыс, дума деген хабар шықты, 
Қайратты ерлер барар оған мықты. 
Бас қамынжан пайдасын ойлаңыздар, 
Тастасып партия мен араздықты. 

 
Думада анық болды сайлау бары, 
Құны асар артылғанның сонда шары. 
Бәрі де бір ауызды болып жатыр, 
Оянып бізден басқа халықтың бәрі. 

 
Бостандық болмақ болып әр руға, 
Бас қосты бір ауызды боп тұруға. 
Бір қазақтан басқа жұрт ыңғайланды 
Бірігіп өз жынысымен жұрт болуға. 

 
Тауып ал тұман түспей тұстасыңды, 
Жолдас бол сынап алып қостасыңды. 
Баласы дін-мұсылман ұрандасып, 
Қосыл кісі санынақос басыңды... 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 

0 пікір