Оянбай әлі күнге қазақ жатыр
Оянбай әлі күнге қазақ жатыр
23.11.2020 14:20
518
0

Айтқан сөзақылға сал, жалған болса, 
Немене естіп құлақ қанған болса. 
Талабы талапты ердің қайда жатыр, 
Әр тұстан әркім хабар алған болса ?! 
 

Оянбай әлі күнге қазақ жатыр, 
Арыз хат басқа жерден барған болса. 
Айтушы: "Наныңыздар!" — деп айтады, 
Бұ тілге мұсылмандар нанған болса. 
 

Бір мың тоғыз жүз жылдан асты бесі, 
Бес түгіл көрді алтыны тірі кісі. 
Тиеді құлағыма еміс-еміс 
Октябрь он жетінші манифесі. 
 

Отырмызмінемарттың он бесінде, 
Қазақтың дәнеңе жоқ тіпті есінде. 
Мархабат патшамыздан кеңдік бар деп, 
Сөйлеген бір сөз жоқ боп ел ішінде. 
 

Талай ер күйіп жатыр дегенменен, 
Дәнеңе жоқ бұған опық жегенменен. 
Манифест бар деп айтқан айтушыны 
Айта алмай ұстайды орыс дегенменен. 
 

Орыстан біздің қазақ қойдай ықты, 
Манифест бар дегенді бүктеп тықты. 
Бар деушіні жазалы қылған жұмыс 
Әшкере боп ғаламға қайдан шықты?! 
 

Ғаламға патша күндей нұрын шашып, 
Халқына мархабатты мейірі тасып. 
Қазаққа бұл күнгеше есіттірмей, 
Аты бар, өзі жоқ қып қойды басып. 
 

Түңілді естіген жұрт мұнан таза, 
Дәнеңе жоқ білмегенгебілгенге-аза! 
Манифест бар деушілер тұтқын болып, 
Кесілді еш себепсіз оған жаза. 


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 

0 пікір