«Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін»
«Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін»
27.09.2017 13:48
2911
0

Қазыбек би Тәуке ханның тапсырмасымен Жоңғар ханына барғанда өзінің қандай мақсатпен келгенін былай баяндайды:

 «Сен темір де, мен көмір, еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін.
Егесетін ел шықса, иілткелі келгенмін.
Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенмін.
Жаңа үйреткен жас тұлпар, шабысқалы келгенмін.
Танымайтын жаттарға, танысқалы келгенмін.
Қазақ-қалмақ баласы танысқалы келгенмін.
Табысуға тұрмасаң, тұрысатын жеріңді айт, сен-қабан да мен-арыстан, алысқалы келгенмін».

Осындай өткір де төкпе сөздермен халқының мақсат мүддесін оның басқа жұрттан, тіпті де кем емес, терезесі тең екенін, тату болып табысам десең де, жау болып шабысам десең де, қарсы алдыңда лайықты халықтың өкілі тұрғанын анықтап, ашық айтады.

0 пікір