Терек пен алма
Терек пен алма
28.10.2020 12:03
560
0

Терек тұр тәкаппар боп кекірейген,
Жел қақса жапырағы желпең қағып,
Иілсе алма ағаштар бүкірейген,
Қарайды жемісіне ел таң қалып.
Теректей тентек кеуде көкірекшіл,
Мінезі кейбіреудің кісі кейір,
Әр кезде сөзі жылы, өзі көпшіл,
Білімді адам келеді кішіпейіл...

0 пікір