Төле би. “ҚАП ТАУЫНДАЙ КӨНЕМIН»
Төле би. “ҚАП ТАУЫНДАЙ КӨНЕМIН»
05.11.2020 18:38
525
0

Қазақтың қамы үшiн Төле би қайда бармаған?! Ұлы би қартайған шағында қалмаққа елшiлiкке барса (әрине, зәрулiктен барады ғой), қалмақтың ханзадасы жеңiлтектiк жасап, сақал-шашы, қасы түгел ағарып кеткен Төле бидi меңзеп: “Мына азу тiсiн аршыған ақ бас атаның кiм?” – дептi. Сонда Төле би iркiлместен:

Уа, ханзада,
Қарттығымды сұрасаң,
Қап тауындай көнемiн,
Ақылдан тартып сұрасаң,
Асу бермес төбемiн,
Хан көзi жетпес қайғыны,
Қашықта жатып көремiн.
Екi ел егер болғанда,
Ел басын қосар төремiн.
Қазақ, қалмақ – егiз ел,
Қарындас, жиен, бөлемiн.
Ертiстiң суын бiрге iшiп,
Зайсанды теңдей бөле­мiн.
Сен бүгiн қойдай үркiттiң,
Бейбiт елдiң өренiн.
Ата-бабаң бiлмеген,
Қайдан тапқан өнерiң?!
Елшi боп келген осы iске,
Қазақтың биi Төлемiн! – дептi.

Сілтеме: Аsylsoz.kz

0 пікір