Зынданда не шаһбаздар нақақ жатыр
Зынданда не шаһбаздар нақақ жатыр
23.11.2020 13:56
341
0

Айырылған біздің қазақ Есілінен, 
Өзінің болған емес кесірінен. 
Жер-мүлкі шаруаның қызықты еді 
Қойнында құшақтаған жесірінен. 
Адасып осы күнде қазақ қалды 
Бұрынғы ата-баба рәсімінен. 
Жылқыға керек жерге егін салып, 
Жер жыртыпмұжық қалмас кәсібінен. 
Жайлауы баратұғын тарылған соң, 
Айырылды мал да, жан да несібінен. 
Мұжықтың кесірінен қыс көбейіп, 
Кеміді төрт түлік мал өсімінен. 
Зынданда не шаһбаздар нақақ жатыр, 
Ұлықтың қылған зорлық кесімінен. 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 

0 пікір