Қытайда WhatsApp толық бұғатталды
Қытайда WhatsApp толық бұғатталды
27.09.2017 12:16
504
0

  Мамандардың пайымдауынша, мәліметтерді шифрлейтін қосымшалардың жұмысын шектеу мүмкіндігін билік осылай тексеріп көрмек. Негізі шілденің аяғында Аспан асты елінде бұл мессенджерді жартылай пайдалануға ғана рұқсат етілген болатын. Атап айтқанда, қолданушыларға сурет не бейнежазба жіберуге тыйым салынған еді. Жалпы, Қытай ғаламторда бақылауды күшейткен елдердің қатарына жатады. Мұнда мәтіндік хабарлама алмасуға арналған мобильдік қосымшалардың көбін қолдануға рұқсат жоқ. 2009 жылы елде Facebook әлеуметтік желісі түгелдей бұғатталған. Мұнда Instagram да жұмыс істемейді.

 24.kz

0 пікір