Қызықты дерек! Баламен бірге «өсетін» киім
Қызықты дерек! Баламен бірге «өсетін» киім
09.09.2017 15:10
793
0

    Британдық дизайнер Райан Ясин балаларға арналған өзгеше киім ойлап тапты. Оның тіккен киімдері баламен бірге өсіп отырады. Бұл туралы Риа Новости хабарлады. Мұндай киімді тігу үшін дизайнер ерекше матаны қолданады. Бұл мата баланың өсуіне қарай ені мен ұзындығы бойынша созылып отырады. Және арнайы матадан тігілген киім автоматты машинада да жууға төзімді және қайтадан тігуге де қолайлы. Әзірге Райан Ясин 3 айдан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арнап киімдер тігіп жатқанын айтады. Оның айтуынша, бұл киімдер ата-аналардың қаржысын үнемдейді.

0 пікір