19 наурыз - Жаңару күні
19 наурыз - Жаңару күні
19.03.2024 16:04
118
0

Ұлыстың ұлы күні биыл 10 күн тойланып жатыр. Осы орайда биыл Наурыз мейрамында ұлттық ерекшеліктерді қайтадан жаңашаландыру, ұлттық кодты сақтай отырып, озық ой жүйесінде дәстүрді дәріптеуді қолға алу мақсатында әр күнге тақырып қойылды. Елімізде Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Мерекенің әр күні ерекше мәнге ие. Бүгін – Жаңару күні. «Жаңару» күні барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл күн әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл көктемгі ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Мерекеге орай, еліміздің әр түкпірінде түрлі шара өткізілмек. Мектеп пен балабақшаларда да мерекелік іс-шаралар жоспарланған.
Бұл күні табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Жаңа күн ел өміріндегі және әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Наурыз – салт дәстүрді түгендеу емес, салт-дәстүрді тірілту. «Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға жетелейді.

Фото: Досжан Балабекұлы

 

 

 

 

 

0 пікір