437 миллион теңге жымқырған А.Ш. Жамалбеков
437 миллион теңге жымқырған  А.Ш. Жамалбеков
31.10.2020 14:20
767
0

Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.К.Тоқаевтың,
Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының Ж.Қ.Асановтың,
Қазақстан Республикасының  Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетовтың назарына!

Шымкент СОТЫ    түрмеге неге қамамады?

  Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл алдын,   облыстық мәслихатының депутаты Шаріпбек Жамалбековтың  ұлы,  Шымкент қаласының  Жұмыспен Қамту Орталығының бұрыңғы директоры  Асылжан Шарипбекұлы Жамалбековке қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған халықаралық  іздеу жарияланған болатын.  Өйткені, ол  Ұйымдасқан Қылмыстық Топ - (ОПГ)  құру арқылы 437 милионнан астам бюджет ақшасын жымқырды  деп, айыпталған  сыбайластары Индира Джунусалиева, Марат Ташматов және жұмыспен қамту орталықтың  бас-аяғы 14 қызметкері үстілерінен қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіп жатқан тұста, бұл «ағамыз» сонау Дубайда  шалқып демалып жүрген.  Көп ұзамастан, А.Жамалбеков (мүмкін ақшасы таусылды ма, әлде, тергеуден қашып құтыла алмасын білді ма) «басын салбыратып» тергеу органдарына келіп, өзінің жасаған қылмыстарын толық мойындаған болатын.

Сол уақытта еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары

  « Асылжан Жамалбеков адамдар тобы болып, ҰҚТ құру арқылы 437 милионнан астам бюджет ақшасын жымқырды  деп, сыбайластары Индира Джунусалиева, Марат Ташматов және орталықтың  бас-аяғы 14 қызметкері үстілерінен қылмыстық іс қозғалған.   31 жастағы азамат А.Ш.Жамалбеков 2015-2017 жылдар аралығында Шымкентегі Жұмыспен Қамту Орталығын басқарған.  Арасында полиция қызметкері бар, ұзын-саны 14 адамнан құралған қылмыстық топ, жұмыссыздарға арналған мемлекеттік бағдарлама арқылы бөлінген қыруар қаржыны өз адамдарының атына аударып отырған. Асылжан Жамалбековтің өзі тегін отбасынан емес. Әкесі  қазіргі облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбеков болса, туған ағасы Бәйдібек  ауданы әкімі  Ержігіт Жамалбеков мемлекеттік қызметкер, ал бір туысы Нұржан Шәріпбекұлы Жамалбеков кезінде облыс прокуратурасында қызмет етіпаттестациядан өте алмастан «масқара» болып прокурадан кетіп,  бүгінгі таңда «Сайрам Сүт» ЖШС-нің басшысы қызметін атқаруда. 2017 жылы маусым  айында ұсталған   Асылжан Жамалбековтің сыбайласы делінген 47 жастағы «әккі алаяқ»  Индира Джунусалиеваның  Х-5 БМВ автокөлігін тінту барысында,  180 банк карточкасы, екі миллион теңгеден астам қаражат пен түрлі жеке кәсіпкерлердің 88 мөрі анықталған болатын. Араға жарты жыл салып, жұмыспен қамту орталығының басшысының да былығы ашылып жатыр деп  жазған болатын. Шымкент қаласының, Абай аудандық сотының судьясы Еркен Отарбаевтың  сөзіне сүйенсек,  -Асылжан Жамалбеков,  алдын ала сөз байласу арқылы ҰҚТ (ОПГ) құрып, мемлекеттік қызметке теңестірілген қызметші ретінде 437 миллион 325 мың теңге мемлекеттік бағдарлама бойынша мүлікті жымқыру бойынша мемлекетке  залал келтірген.  Қазіргі кезде,  тергеу амалдарынан   бой тасалап жүруіне байланысты Асылжан  Жамалбековке қатысты халықаралық іздеуге жариялау туралы шешім қабылданған екен. А.Жамалбековтың адвокаты «іздеу жариялау туралы» соттың Қаулысына жеке Шағым наразылық келтіріп, облыстық сотқа жүгінген. Алайда, облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған»-деп, жарыса жазы .

   Бір қызығы   һәм  сұмдығы,  Асылжан Жамалбековтың 14 сыбайластары (10 әйел, 4 еркек) сотқа дейінгі тергеп тексеру кезеніңде  және сот тергеуінде жауап беріп, Шымкенттегі Сәуледегі ИЧ-167/11 мекемесінде темір торға қамалып қиналып жатқан тұста, облыстық мәслихаттың ДЕПУТАТЫ Шәріпбек Жамалбековтың «еркетотайы» ,  Асылжан Жамалбеков Дубайда  рахаттанып, демалып,  тергеуден бой тасалап  жүреді.  Өзінің ең сенімді «подельнигі» Марат Ташматов өздерінің мемлекеттен ұрлаған ақшаларын банк арқылы аударып отырды...

0 пікір