Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
13.09.2021 19:01
197
0

 

Денсаулық – баға жетпес асыл дүние. Оны заманауи қарбалас өмір ырғағында қалай сақтауға болады? Денсаулықты сақтауға және жақсы көңіл күйде болуға көмектесетін 5 кеңес ұсынамыз.

 

Күніне 1 жеміс жеу

Күз-қыс мерзімінің келуімен иммунды жүйеге ауыр күш түседі. Сол кезде тұмау секілді жағымсыздықтар орын алады. Иммунитеттің аурулардан қорғану мүмкіндігі қандай тамақ жегеніңізге тікелей қатысты. Дәрігерлер күніне кез келген бір жеміс жеуді ұсынады: ол аурудың алдын алуға көмектеседі. Оларға алма, барлық цитрусты жемістер, құрма, киви және банан жатады.

 

Жалбыз салынған шай ішу

Жалбыз тыныштандыратын құрал ретінде танымал: ол күйзеліспен күреседі және ұйқы сапасына жағымды әсер етеді. Оны жиі қолдану ұсынылады. Оны қолданудың жиі тараған әдісі – жалбыз қосылған шай дәмдеу. Жалбыз қосылған шай жүйке жүйені тыныштандырады және жылдам көңіл күйді көтереді. Оған қоса, жалбыз шайының хош иісі мен жақсы дәмі бар. Жалбыз күш береді, шаршағанды басады және қатты уайымдасаңыз, тыныштандырады.

 

Рационға лимонды қосу

Лимон – С дәруменінің көзі. Сонымен қатар, лимон метаболизмді жылдамдатып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Әдетте, лимон суын таңертең және кешке аш қарынға ішеді, коктейлдер мен шайларға қосады. Оған қоса, цитрус антиоксидант болып табылатындықтан, ол денсаулықты қатайтады. Рационыңызға айтарлықтай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Ең оңай әдіс – таңертең аш қарынға лимон мен бал қосылған жылы су ішу. Қалауыңызға қарай, зімбір қосуға болады. Мұндай су жылдам оянуға және метаболизм процесін іске қосуға көмектеседі.

 

Күнде кешке айран ішу

Сүт немесе айран – бағалы дәрумендер мен микроэлементтерге толы қоректі сүтті өнімдер. Олар ағзаға жағымды әсер береді. Рационыңызға бір стақан айран қосу арқылы ағзаны Д дәруменінің 25 пайызымен және кальцийдің тәуліктік нормасының 30 пайызымен толтырасыз. Соның арқасында сүйектер қатая түседі. Бұл, әсіресе, балаларға пайдалы: олар белсенді өсетіндіктен сүйек тіні жылдам жаңарады, сондықтан көбірек кальций керек. Сондай-ақ, сүтті өнімдерді егде жастағы адамдар күнде ішу керек. Себебі сүтті өнімдер сүйек өзгерісі дамуын тоқтатады.

 

Күнде 2 литр су ішу

Су – адамзаттың өмір сүруіне қажетті маңызды құраушы. Бұл сұйықтықтың құндылығы шексіз. Ағзаға судың жетіспеуі нашар көңіл күй, бас ауруы, тез шаршау, әлсіздік, депрессия және ұйқы бұзылуына әкеледі. Сонымен қоса, барлық ішкі органдардың жұмысы бұзылады және қан тамырлар қиналады. Күнде қажетті мөлшердегі су ішу инфаркт болу қаупін азайтуға ықпал етеді. Су артық салмақпен күресуге де көкмектеседі. Ересек адамға күніне 2 литр су ұсынылады. Ал бала күніне 1 литрден аз емес су ішуі керек.

Қатты ыстық тамақ ішпеңіз

Ыстық тағамдар ағзадағы микробтармен күресетіні белгілі. Алайда, сол бактериялардың ішінде пайдалылары да бар екені рас. Адам ағзасындағы тіндер өте нәзік келеді, сол үшін ыстық тағам олардың тіршілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, қалқанша безінің жұмысына бұл кедергі келтіреді. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы да осыдан. Сіз ішетін тағам мен сусындар цельсий өлшемі бойынша 45 градустан аспауы тиіс.

Суды бірнеше рет қайнатпаңыз

 Су қайнаған сайын өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Ал суды бірнеше рет қайнату арқылы оның ағзаға тигізетін зиянын да арттыра түсеміз. Негізі, суды қайнатпай-ақ, оны фильтрден өткізіп алған дұрыс. Құдықтан алынған судың да зиянды тұстары бар. Соңғы кездері құдық суынан мышьяк табылуда, бұл ағза үшін у болып есептеледі.

Жаңғақ жеңіз, ол өмірді ұзартады

Жаңғақты күн сайын жесеңіз де артық емес. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік проблемалары бар. Күнбағыс шемішкесін де аздаған мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз.

Газ плиталарынан бас тартыңыз

 Егер үйіңізде газ плитасы болса, оны тезірек электрлі плитаға ауыстырған дұрыс. Газды сөндірген соң оның зияны ауада қалып қоятынын ескертеміз. Ауада қалған газ шөгіп, қара күйеге айналады. Әлгі күйе сіздің өкпеңізге түсуі мүмкін. Сондай-ақ, газдың жарылу қаупі зор екенін де жақсы білесіз.

Күн сайын сабынмен жуынбаңыз

Күн сайын сабынмен жуыныу теріңізді құрғатып жібереді. Сондай-ақ, сабынды жиі пайдалану арқылы біз терімізді инфекция мен тезірек қартаюдан қорғап тұратын қатарды да жуып тастаймыз. Аптасына 1-2 рет сабынмен жуыныңыз да, қалған уақытта тек қана сумен шайыныңыз. Сабынның орнына душқа арналған гель пайдаланған әлдеқайда пайдалы.

Шылым шегуден бас тартыңыз

Темекіден бас тарту сіздің денсаулығыңызды ғана емес, экономикалық жағдайыңызды да жақсартады. Шылым шегуді доғару арқылы сіз ағзаңызды көптеген зиянды заттардан қорғайсыз. Орта есеппен темекі құмар адам күніне 20 шылым шекті деп есептейтін болсақ, бір шылымды шегіп бітіргенше 3 минут уақыт кетеді. Бір күнде оның темекі шегуге бір сағаты кетеді, ал бір жылда 365 сағат жұмсайды. Медициналық зерттеу нәтижесінде, шылым адам өмірінің 7-10 жылын қысқартатынын дәлелденген. Сондай-ақ, темекі шеккеннен кейінгі жағымсыз иіс өзіңізге де, айналадағы адамдарға да ұнамайтыны белгілі.  Жылына 600 мың адам темекі шегуден келетін түрлі сырқаттардан көз жұматынын есте сақтаңыз.

Колбаса сатып алуды доғарыңыз

Құрамында канцероген бар заттардан түгелдей дерлік бас тартыңыз. Олардың қатарына қақталған, маринадталған, консервіленген, майға қуырылған, тұздалған және натрий нитриті қосылған тағамдар жатады. 50 грамм қақталған колбасаның зияны күніне бір пачка шылымның түтінімен тең.

Ұйқыңыз тыныш болсын

 Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтаңыз. Ұйқыңыз тыныш болуы үшін бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдыру керек. Физикалық күшіңізді қалпына келтіріп, басыңызды жақсы жұмыс істеуіне ұйқының тікелей әсер ететінін ұмытпаңыз. Иммунитеттің көтеріліп, жай ғана көңілді жүрудің өзі ұйқының тыныштығынан.

Пессимизмнен арылыңыз

Үнемі көңіл-күйдің нашар болуы денсаулыққа тікелей зиян екенін көп ешкім түсіне бермейді. Көңіл-күй түскен сайын адам депрессияға шалдығады. Ал депрессияның түбі өміріңізге қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін

.

 

0 пікір