«KAZAKHEXPORT» ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«KAZAKHEXPORT» ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
14.03.2022 23:54
204
0

«Turkistan invest» инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігінің алаңында Түркістан облысының кәсіпкерлері «KazakhExport» өкілдерімен кездесу өткізді.

«KazakhExport» компаниясының сақтандыру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев пен компанияның өңірлік өкілі Айнұр Анесова шикізаттық емес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді экспорттау үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы кәсіпкерлерге баяндама жасады.
Экспорттаушы экспортқа дейінгі қаржыландыруды, аванстық төлемді сақтандыруды, несиені, банктік кепілдіктерді және басқа да көптеген қолдауды ала алады. Бұдан басқа «KazakhExport» шетелдік импорттаушыны тегін тексеруге, банктік шешім қабылдау процесін жеңілдетуге және жылдамдатуға мүмкіндік береді, шетелдік нарыққа шығу кезінде маркетингтік саясатты әзірлеуге көмектеседі. Бұл қызметтер арқылы шикізаттық емес экспортты қолдау және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген.
Айта кетейік, өңірімізде «CG Foods» компаниясы және Кентау трансформатор зауыты аталған ұйымның мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы экспорт көлемін ұлғайта түсті.

0 пікір