Күнәлардан арылтатын дәрі
Күнәлардан арылтатын дәрі
30.10.2017 23:15
861
0

Бірде Хасан Басри бір тақуа жігітпен Басра қаласының көшелерімен келе жатып дәрі сатып отырған кісіні көреді. Оның жан-жағына жұрт қаумалап, жиналып қалыпты. Әрқайсысының қолында бір-бір құты. Өздеріне керек дәрілерді сұрап, құтыларына құйып алып кетіп жатыр. Басридің жанындағы жігіт дәрі сатып отырған кісіге жақындап барып: «Дәрігер, сенде күнәларды кетіріп, жүректерді тазартатын дәрі бар ма?» деп сұрады. Сонда дәрі сатушы: «Кел, ол үшін саған мына нәрселер керек болады:


 1. Кедейлік пен кішіпейілділік ағашының суын ал.
 2. Оларды тәубенің ем суымен араластыр.
 3. Раббыңның разылығының диірменіне сал.
 4. Қанағатты қосып, тақуалықтың қазанында қайнат.
 5. Оған ұяттың суынан қос та сүйіспеншілік отымен қайнат.
 6. Сосын оны шүкіршілік құтысына құй.
 7. Үміт желімен салқындат.
 8. Сосын Аллаға мадақ қасығымен іш.

Егер осы айтқандарымды бұлжытпай орындайтын болсаң, бұл дүниенің де, ақыреттің де барлық дерттерінен аман боласың» - деп жауап береді.

0 пікір