Тіршілік
Тіршілік
12.07.2021 17:29
351
0

 

 

Жөңкілді ойлар.

Оята алмай

Санамды қалғып кеткен,

Ғасырдан жеткен бір дауыс,

Күркіреп!

Бабалар рухы

Өзімді қалды сілкілеп.

Тамырыма қан жүгірді бүлкілдеп.

Ояндым мен!

Тағдырым саған бір тілек.

Түсе көрме алдыма

Бұқпалап,

Қалмағын соңымда да,

Тұрмағын жолымда да...

Сәтің жоқ сенің байланар.

Адамзатпен астасып,

Жер кіндігі айналар.

Күн көрістің діңгегіне байланып,

Мынау өмір жалған өмір. Тұрақсыз.

Тұрақсыздық кімге опа,

Ойланарсыз енді сіз.

Сүрмейін десем

Көрмейін десем түрткілеп,

Ащы,

Көз жасымды сүрткілеп

Жер анамда коймады-ау,

Айналып

Толғанып

Дем алғаны ыстық леп!

Арманым менің құлыншақ.

Қызыл іңір, қызыл шақ.

Қызылмен, қара айқасқан

Қандай тылсым осы шақ.

Біраздан соң жеңімпаз,

Түңлігін түсіріп түн кірер

Бір суынып, бір ысып,

Отырмын мен бүрісіп,

Күрсініп!

Ендігі жоқ көк аспан.

Табиғат осы мұң дастан.

Өкініш!

Өткелі жоқ бекініс

Борандарда ақпанда

Қалғандай ма бір тал гүл,

Қарлы аяздан сілкініп.

Біздіңше ол тіршілік

Жарғандай ма бүр шығып

Жылайма қалай тұншығып...

Жүгіріп келем

Тағдырыма,

Талайыма біткен даламмен.

Өңім бе, әлде түсім бе,

Досым-ау, кейде осыны,

Айыра алмай қалам мен.

 

Ералхан Жылқыайдарұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір