ТҮРКІСТАН: ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІ КӨШ БАСТАДЫ
ТҮРКІСТАН: ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІ КӨШ БАСТАДЫ
14.03.2022 23:51
233
0

Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің балуандары ел біріншілігінде көш бастады. Түркістан облысының намысын қорғаған спортшылар енді Азия чемпионатына дайындық үстінде. Өз салмағының мықтысы атанған сайыпқырандар биыл да Әлем чемпионатында Көк туымызды желбіретуге дайын.

Атырау қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында облыс құрамасы командалық есепте 1-орын алды. Жалпы спортшылар облыс қоржынына 9 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль салды. Сондай-ақ, Щучинск каласында грэпплингтен өткен ҚР кубогында шардаралық Данияр Кұдайберген үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ол жастар арасында 77 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.
Сондай-ақ, Семей қаласында самбо күресінен өткен ҚР чемпионатында қосбірдей балуан қыздар жүлдегер атанды. 50 келі салмақта белдескен Айжан Жылқыбаева 2-орынды, Жадыра Пайыз 3-орынды қанжығасына байлады. Бозкілем шеберлерінің бапкерлері – Әбсадық Халилаев және Мөлдір Бейсембаева.

0 пікір