Бала тісін неге қайрайды ?
Бала тісін неге қайрайды ?
16.11.2020 12:00
4607
0

  Бұл жайсыздық ұйқы кезінде тістерді қысу, тістерді қайрау және жақты қысудан туындайды. Медицинада бруксизм деп аталады. Көбіне көп халық бұл жағдайдың себебі – ағзадағы " құрт" деп есептейді. Бірақ шын мәнінде оның құртқа еш қатысы жоқ.⠀Ал себептері мыналар:⠀ Тістемнің (прикус) дұрыс болмауы. 2-3 жаста немесе 5-6 жаста жоғарғы және төменгі тіс қатарларының қатынасы қалыптаса бастайды. Дұрыс қалыптаспаған уақытта, прогнатия (жоғарғы жақтың алдыға жылжуы) немесе прогения ( төменгі жақтың алдыға жылжуы) дамуы мүмкін. Бұндай кезде тіс дәрігеріне қаралған абзал. ⠀

  – Бас сүйегінің кұрылымы дұрыс болмауы– бет пен жақ бұлшықеттері мен байламдардың шамадан тыс тырысуына, жиырылуына әкеледі. Сирек кездесіп, ұзақ емделетін себеп.⠀

  Шықшыт буынында қабыну, жарақат болса немесе буын орынынан шығып кетсе, балада бруксизм болуы мүмкін. ⠀

  Сүт тістері қызыл етті жарып, шығып келе жатырғанда баланың тісі қышиды. Сол себептен бала тістерін бір-біріне үйкей бастайды.⠀

  Бруксизм ұйықтайтын кезде жоғары және үстіңгі жақтың дұрыс жабылмауынан, бет бұлшықетінің қозғыштығынан да болады.⠀ Босану кезінде сәби жарақат алып, сол себептен жақ-бет аймағының бұлшықеттері құрысып, түйілсе, бас ауруы мен буындарда ауырсыну тудырады. Ал бұл кезде бала жақтарын қысып, ауырсынуды басуға тырысады.⠀ Аденоидит, синусит, ринит. Бұл жағдайларда ауыз қуысы құрағайды. Құрғақтықтан құтылу мақсатымен бала тістерді бір-біріне үйкей отыра сілекей бөлінуіне себеп тудырады. Оториноларингологтың емі қажет. Бірақ ең жиі кездесетін себеп – бұл баланың күйзелісте жүруі. Баланың психологиясында өзгеріс немесе ақау бар деген сөз. Күн тәртібінің бұзылуы, ұйқының қанбауы. Ата-ананың ұрысы, үйдегі немесе мектептегі басқа да көп проблема балаға әсер етеді. ⠀

Бұл жайында педиатр-дәрігер, реабилитолог Мадина Болатқызы ой бөлісті.

dabylinfo.kz

0 пікір