Гемоглобинді көтеретін тағамдар
Гемоглобинді көтеретін тағамдар
05.09.2017 12:46
1232
0

Гемоглобин – эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) күрделі ақуызы. Басты компоненті темір болып табылады. Гемоглобиннің негізгі қызметі – адам ағзасының жасушалары мен терісін оттекпен қаматамасыз ету. Оның жетіспеуі анемияға, яғни қаназдыққа алып барады.
Ал мына тағамдардың құрамында темір өте көп, сондықтан қаназдықтан арылуға көмектеседі:
 1. Ет және ет өнімдері (бауыр, бүйрек, жүрек, құс еті, балық).
 2. Ботқалар: күн сайын қарақұмық, қарабидай ботқалары, жасымық, асбұршақ.
 3. Жеміс-жидектер: алма, банан, шабдалы, құрма, қараөрік, айва, мүкжидек, құлпынай, бүлдірген, қаражидек.
 4. Шырындар: анар, қызылша, сәбіз, алма шырындары.
 5. Көкөністер: картоп, қызылша, қызанақ, асқабақ, қыша, бақбақ жапырағы.
Сондай-ақ, кептірілген өрік, мейіз, жаңғақты балмен араластырып, күн сайын 3 ас қасықтан жеп тұрған жөн.
Айта кететін жайт, гемоглобині төмен адамдарға қара шай мен құрамында кальциі көп тағамдарды көп жемеген дұрыс. Олар ағзада темірдің алмасуына кедергі келтіреді.

0 пікір