Күзде ағзаға қажетті 5 дәрумен (Күзде ас мәзірімізде қандай тағамдар болуы тиіс?)
Күзде ағзаға қажетті 5 дәрумен  (Күзде ас мәзірімізде қандай тағамдар болуы тиіс?)
13.09.2017 16:29
1062
0

  Күз мезгілі – тұмау мен түрлі инфекциялық аурулардың иммунитеті әлсіз адамдарға шабуыл жасайтын кезі. Ал иммунитетті жақсарту, ауру-сырқаулардан қорғанудың бірден бір жолы – дұрыс тамақтану мен дәрумендер. Сонымен, күз мезгілінде қандай дәрумендер қажет, оларды қандай тағамдардан табуға болады?
  1. Ең алдымен С дәрумені. Себебі ол иммунитетің басты қорғаушысы болып табылады.

Бұл дәруменді қайдан аламыз?
  - цитрусты жемістер: лимон, киви, ананас, манго мен алма;
  - көкөністер: орамжапырақ, тәтті бұрыш, сарымсақ, ақжелкен, қымыздық (щавель).
  - итмұрын қайнатпасы.
  2. А дәрумені. Тері қалпы мен көру қабілетіне жауапты, гормоналды күйді қалыпа ұстайды.

Қайдан табамыз?
  - мүкжидек (клюква), сәбіз, бауыр, жұмыртқаның сарыуызы, қышқыл сүт өнімдері, қызыл көкөністер.
  3. Е дәрумені. Терінің әдемілігі мен жастығын сақтап, ағзаның ерте қартаюын болдырмайды.

Қайдан аламыз?
  - өсімдік майларынан: зәйтүн, пісте, соя, жүгері, асқабақ майлары.
  - жаңғақтар
  - қарақұмық.
  4. Д дәрумені. Сүйек пен тістің өсуіне, мықтылығына жауапты, өт, қантамырлар мен жүректің жұмысын жақсартады.

 Негізінен күн көзінен алынатын дәрумен. Күзде солтүстік өңірлерде, кебір адамдар жұмысымен байланысты күн көзінде көп жүрмегендіктен, дәрігерлер кейде Д дәруменін ішуді ұсынады.
Майлы балықтардан табуға болады.
  5. В дәрумендер тобы.

В 6 – есте сақтау қабілетіне, ақыл-ой мен иммундық жүйеге жауапты.
В 12 – жүйке жүйесін қалыпа ұстайды.
В 9 – қантүзіліміне жауапты.
  - бұршақтардан: жасыл бұршақ, үрме бұршақ, бадана (фасоль), ноқат, соя
  - жаңғақтардан, әсіресе жержаңғақ
  - банан мен анардан
  - шырғанақ (облепиха)
  - теңіз балықтарынан
  - В 9 – ды жасыл жапырақардан
  - В 12 – ні қарақұмық, жұмыртқа, сиыр еті мен бауырынан табуға болады.

0 пікір