Өзіне қай дәруменнің қажеттігін ағзамыз қалай «айтады»?
Өзіне қай дәруменнің қажеттігін ағзамыз қалай «айтады»?
06.10.2017 14:18
1265
0

 Ағзамызға ауа мен су қаншалықты маңызды болса, дәрумендер де соншалықты қажет. Егер ағзаға қандай да бір дәрумен қажет болса, жетіспесе бұл жайлы ол бірден бізге хабар береді. Қалай? Ендеше, кеттік:
 Ерін айналасындағы жарықтар
Не қажет: темір, мырыш, В 2, В 3 және В 12 дәрумендері.
 Етті (құс еті, балық), жұмыртқа, бұршақтар, жаңғақты көбірек жеген жөн.
Беттегі қызыл бөртпелер, шаштың әлсізденуі, түсуі
 Не қажет: биотин, А, К, Д, Е дәрумендері.
Бұларды арқан балық (лосось), авокадо, жаңғақтардан, таңқурай, түсті орамжапырақ, соя, бананнан табасыз.
 Аяқ-қол саусақтарының шаншуы, жансыздануы
Не қажет: В дәрумендер тобының 6, 9, 12 түрлері.
 Бұл мәселе күйзеліспен, шаршау, жүйке жүйесімен, гормоналды тұрақсыздықпен байланысты. Қызылша, саумалдық, ақтық (спаржа), бадана (фасоль) көмектеседі.
Бұлшықеттердің тырысуы
 Не қажет: магний, кальций мен калий
Кәді, орамжапырақ, алма, бадам (миндаль) мен орман жаңғағын (фундук) көбірек тұтынған дұрыс.

0 пікір