ШЫДАМСЫЗСЫЗ БА? (Онда оқыңыз!)
ШЫДАМСЫЗСЫЗ БА? (Онда оқыңыз!)
22.08.2017 19:02
1362
0

  Қазіргі таңда адамдардың көбісі сабырсыз, шыдамсыз десек қателеспейміз. Барлығы өзіміз ойлағандай, жылдам бола салса дейміз. Дүкенде, ауруханада тізілген кезекті көрсек, шыдамсызданып, өзіміздің кезегіміз келгенше жарылуға шақ қаламыз.
  Сабырсыздық пен шыдамсыздық адами тұрғыдан жаман әдет болып табылса, денсаулыққа да тигізер зияны аз емес екені дәлелденген. Қандай дейсіз ғой?
Шыдамсыздық пен өзгені жек көру ішек пен асқазан ауруларын тудыруы мүмкін. Жүректің шамадан тыс жиі соғуына, гипертензия мен көкірек ауруына алып барады.
  Жақында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, шыдамсыз адамдардың биологиялық қартаюы сабырлыларға қарағанда ерте орын алады.
Сондай-ақ, шыдамсыздық бауырға да зиянды. Ал қысымға түскен тыныс алу молекулалары жек көру сезімін сыртқа шығарғанда бауыр мен өт қабына зиянын тигізеді.
  Ендеше, шыдамсыздықтан арылып, сабырлы болайық!

0 пікір