Баламен қарым-қатынастағы ең маңызды 7 нәрсе
Баламен қарым-қатынастағы ең маңызды 7 нәрсе
29.08.2017 12:52
386
0

Қазір көптеген ата-ана жұмыс, маериалдық жағдай деп жүріп балаларына көңіл бөлуге уақыт таппайды. Балам ешнәрседен таршылық көрмесе екен дейді. Қалағанын әперіп, ең әдемі киімдерді кигізуге тырысады. Дұрыс-ақ. Алайда баланың қарнын тойдырып, киіндіру бір міндет болса, оларға дәл солай рухани жағынан «тойдырып, киіндіру» одан да үлкен тағы бір міндет екенін ұмытпаған жөн.
Осы орайда бала тәрбиесіндегі психологтар ұсынған ең маңызды 7 кеңесті ұсынамыз: 
 1. Баладан мейіріміңіз бен махаббатыңызды аямаңыз.
 2. Әр нәрсенің орны мен өз уақыты барын білдіріңіз. Мысалы, бала өз төсегіне ұйықтап үйренуі керек, үстел басында тек өз орнына отыруы тиіс, уақытты босқа
ткізбеуін, уақыттың қадірін білуге баулыңыз.
 3. Жауапкершілікке үйрету. Ең алдымен өзінің, содан соң отбасының, қоғам мен Отан алдындағы жауапкершілікке үйретіңіз.
 4. Балаңызды жиі мақтаңыз.
 5. Уақытыңызды көбірек балаңызбен өткізуге тырысыңыз. 
 6. Мейірімділік пен жомарттық – жақсы азаматтарға тән қасиет. Сондықтан балаға 2-3 жасынан бастап «ол сенің ағаң, інің немесе қарындасың», «оларды жақсы көр, сенің бауырың» деп, үйге бірнәрсе сатып әкелсеңіз «бөліп жеңдер, бірге ойнаңдар» деген сияқты сөздерді жиі айтып, оны бауырмашылдыққа, мейірімділікке үйретіңіз.
 7. «Мен сені жақсы көремін, сен ақылдысың, жақсысың» деген сөзді жиі айтыңыз.

0 пікір