Балаңыз балабақшаға тез үйреніссін десеңіз...
Балаңыз балабақшаға тез үйреніссін десеңіз...
14.09.2017 14:48
563
0

   Қазіргі көптеген жас аналар заман талабына сай жұмыс атқарып, декреттік демалысына қарамастан жылдамырақ жұмысқа шығып кеткісі келеді. Ондай кезде, әрине, баласын балабақшаға беруге мәжбүр. Алайда, үйде, анасының жанында әбден үйреніп қалған бала жаңа ортаға бірден бейімделе алмауы мүмкін. Ал балаңыз балабақшаға тез үйреніссін десеңіз, мына 5 қателікті жасамаңыз:
 1. Бала жылағанда «балабақшаға апарып тастаймын» деп қорқыту.
 2. Баланың өзі балабақшаға үйрене алмай жүргенінде оны зоопаркке, циркке апарып көңілін аулаймын деу – қателік, ол керісінше, баланың жүйкесіне одан сайын ауырлық түсіреді. Алғашқы кездерде демалысында үйде, жайлы атмосферада баламен бірге болған дұрыс.
 3. Балаға тым жанашырлық таныту. Апарып тастағанда «мұңды» көздермен қарап, ұзақ қоштасу, алып қайтқанда құлап, жарақаттанған жерлеріне «шошып» қарау – барлығы балаға теріс әсер етеді.
 4. Үйге келген соң «балабақша жаман ба», «апайың ұрысты ма, ұрды ма» деп сұрай беру де баланың тез үйренуіне кедергі келтіреді.
 5. Барғысы келсе барып, барғысы келмей жыласа, бармай қоя салу – дұрыс емес.

0 пікір