Бизнестің мақсаты мен міндетін анықтаушы сұрақ
Бизнестің мақсаты мен міндетін анықтаушы сұрақ
19.09.2017 14:21
1047
0

 «Тұтынушы кім?» деген сұрақ бизнестің міндеті мен мақсатын анықтауда шешуші сұрақ болып табылады. Алайда бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Бұл сұрақтың жауабы, шын мәнінде, бизнес ұғымын анықтап бермек. Олай болса, тұтынушы дегеніміз - өнім мен қызметті қолданушы.
 Тұтыну тауарларын өндірушілердің кем дегенде екі тұтынушысы болады: үй шаруасындағы әйел мен бакалеяшы. Егер сатушыда тауар болмаса, оны сатып алуға құштарланып тұрған үй шаруасындағы әйелдің болуынан пайда жоқ. Сондай-ақ, үй шаруасындағы әйелдер сатып алмайтын болса, дүкенде сөрелердің сапалы тауардан қайысып тұрғанынан келер жақсылық аз. Осындай тұтынушылардың бірін ғана қанағаттандырып, қалғанын қанағаттандырмау бизнестің еш мақсаты немесе нәтижесі жоқ екендігін білдіреді.
 БҮГІНГІ КҮНГЕ КЕҢЕС. Компанияңыздың бір өнімін алып, оған қандай тұтынушылар қызығатынын анықтаңыз. Тұтынушылардың барлық тобын қанағаттандырып жүрсіз бе, әлде кейбірінің қажетін ескермей жүрсіз бе деген мәселе төңірегінде ойланып көріңіз.

 «Друкер күнделігі»

0 пікір