«Алтын Тобылғы» әдебиет байқауы жас дарындарды шақырады
«Алтын Тобылғы» әдебиет байқауы жас дарындарды шақырады
24.08.2017 10:55
326
0

   Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры биыл үшінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдерді қабылдау жүріп жатқандығын хабарлады. Байқаудың негізгі мақсаты - ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру болып табылады. Сыйақының жалпы қоры - 5,5 миллион теңге. Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданады. «Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы мақсаттарды жүзеге асыруға арналған арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл «Туған ел» номинациясы бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді. Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады. Өтінімдер 2017 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады. Жеңімпаздар есімі жыл соңында жарияланады.

 inform.kz

0 пікір