Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Ирина Серкебаева көрнекті әнші Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жарық көрген «Ермек Серкебаев. И жизнь, и молодость, и счастье. Новые страницы» кітабының екінші басылымын таныстырды. Автор Қазақстанның халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты жаңа деректермен кітап мазмұнын толықтырған. Туындының алғашқы басылымы 2009 жылы жарық көрген. Екінші басылымда Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер қамтылған. Кітапқа өнер иесі өмір сүрген кезең, ұстаздары, камералық музыка, қазақтың халық әндері туралы жаңа бөлімдер енгізілді. Сондай-ақ әншінің дискографиясы ұсынылған. Кітап Серкебаевтар, Қорғановтар-Шамаро және Брюкнер әулеттерінің жеке мұрағаттары мен естеліктері негізінде дайындалған. Жаңа басылымды әзірлеу барысында әншінің ұстаздарының өмір жолы да қосымша зерттелді.
Таныстырылым кезінде Ирина Серкебаева жеке және отбасылық мұрағаттағы бірегей фотосуреттерді, аудио және бейнематериалдарды көпшілік назарына ұсынды. Бұл материалдар Ермек Серкебаевтың балалық және жастық шағынан бастап, өнердегі алғашқы қадамдары мен шығармашылық биіктерге көтерілген кезеңдеріне дейінгі өмір жолын таныстырады. Кеште Ермек Серкебаевтың замандастары, әріптестері мен шәкірттері әнші туралы естеліктерін бөлісті. Театр әртістері музыкалық бағдарлама ұсынып, оған Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбілов пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева да қатысты.
Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптың жаңа нұсқадағы басылымы таныстырылды
Көп оқылғандар
Рыбакинаның жарақаты Қазақстан құрамасының жоспарына әсер етуі мүмкін
Бейбарыс Ерғали әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Ақтөбеде сайлау науқанының барысы сарапшылар талқылауында
Алматыда «Қазақфильм» киностудиясын дамыту жоспары таныстырылды
Ералы Әскербектің әлем чемпионатындағы жолы қиын басталды
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru